Сароникос шығанағына төгілген мазут Грекияда туристер арасында танымал жағажайларға дейін жеткен, деп хабарлайды 24.kz.
Осы ретте жергілікті билік демалушыларға суға түсуге үзілді-кесілді тыйым салды.
Апаттан кейін балықшылар мен жағажайдағы дүкен иелері шығынға батқандарын айтып, қынжылып отыр. Ал жергілікті жұрт арасында тыныс алу жолдарының аурулары асқынғандар қатары артқан. Өйткені өңірді мұнай мен оны тазалауға арналған химиялық заттардың жағымсыз иісі жайлап кетіпті. Ол аздай, тұрғындар экологиялық апат кесірінен балықтардың жаппай қырылып жатқанын хабарлады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу