Балықтарды баудай қырған кім

818

Атырауда мамандар тоннадан астам балықтың не себепті қырылып қалғандығын анықтап жатыр.

Балықтарды баудай қырған кім

Басы кесіліп, денесі екіге бөлініп қалған балықтардың бір бөлігі зерттеу орталықтарына жіберілген, қалғаны сараптама қорытындысы шыққанша арнайы жерде сақтала тұрмақ, деп хабарлайды КТК..

"Балықтардың көлемі 7-15 см аралығында болды. Олардың механикалық жолмен жарақаттандығы, яғни, денелерінің туралғандығын көрдік. Экология департаментінің мамандарын шақыртып, су сынамаларын алдық. Зертхана мамандарының айтуынша, 5-8 жұмыс күні ішінде белгілі болады су сынамасы да, сараптама нәтижесі де дайын болады", - дейді Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы Ақмарал Кәукенова.

Оқиға "Атырау Жылу Электр Орталығының" су сору стансалары орналасқан өзекте болыпты. Балықтың ол жерге қалай келгені белгісіз. Бірақ, орталықтың техникалық қажеттіліктер үшін Жайық өзенінен күндіз-түні су алатынын және ол судың осы өзекке құйылатынын ескерсек, балықтардың өзеннен тікелей келуі әбден мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу