"Шашубай кентінің маңында моторлы қайықпен жүрген браконьер қолға түсті. Одан жарты тоннадан астам балық тәркіленді. Оған жақын жерден тыйым салынған 14 ау табылды", – деді Нұрділдә Ораз.
Оның айтуынша, браконьерлер қоршаған ортаға орасан зор зиян келтіріп жатыр. Олар ау, тұзақ құрумен қатар жарылғыш зат, қару-жарақ, электр тоғын пайдалануды әдетке айналдырып алды. Заңсыз әрекеттерін жабайы түрде жүзеге асыратын болды.
"Балқаш көліне құятын Іле өзенінің жағасында балықты аңшылық мылтықпен атып аулаған Алматы қаласының тұрғыны ұсталды", – деді ресми өкіл.
Қанат Махамбет
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу