Балықты заңсыз аулау фактісіне қатысты 14 қылмыстық іс қозғалды

984

Балқаштың балығын заңсыз аулаған 200 браконьерден 8 тоннадан астам балық пен балық өнімі тәркіленді. 

Балықты заңсыз аулау фактісіне қатысты 14 қылмыстық іс қозғалды

Бұл туралы ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz

Оның сөзінше, Балқаш көлінде "Браконьер" операциясы жүріп жатыр. Бүгінге дейін балықты заңсыз аулау фактісі бойынша 14 қылмыстық іс қозғалды. 

"Балық ресурстарын заңсыз аулаудың жолын кесу үшін ішкі істер министрлігі орталық апппаратының қызметкерлері мен Қарағанды, Алматы облыстарының полициясы табиғатты қорғау ұйымдарының мамандарымен бірлесіп, браконьерлерді ұстап жатыр. 17 мамырдан бері 200 құқық бұзушы қолға түсті. Браконьерлерден ұзындығы 300 шақырымды құрайтын ау мен бір мың балық аулайтын ілмек, 32 моторлы қайық және 8 тоннадан астам балық және балық өнімі тәркіленді. 173 әкімшілік хаттама толтырылып, 14 қылмыстық іс қозғалды", – деді Нұрділдә Ораз.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу