Балықты жасанды өсіру бойынша Түркістан облысы алда тұр

1853

Бүгін Үкіметтің селекторлық отырысында еліміздің балық саласын дамыту перспективалары қаралды.  

Балықты жасанды өсіру бойынша Түркістан облысы алда тұр

Қазақстанда балық өсіру саласының потенциалы өте жоғары. Соңғы 7 жылда өсірілген балық көлемі 9 есе, яғни 800 тоннадан 7,4 тоннаға дейін өскен дейді Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев.

Елімізде осы шаруашылықпен 180 балық өсіру шаруашылығы айналысады, онда мыңнан астам адам (1126) жұмыс істейді. М. Мырзағалиевтің айтуынша, бұл жеткіліксіз. 

"Жасанды балық өсіру шаруашылықтары бұдан да көп болуы керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған жан басына шаққанда 16 келі балық тұтыну нормасына қол жеткізу үшін шамамен 300 мың тонна балық өсіру қажет", – деді ол.

Балықты жасанды өсіру бойынша Түркістан облысы көшбасшы болып табылады, оның көлемі 5 мың тонна (68,7%). Ал Алматы облысында шамамен 1000 тонна (12,8%), Солтүстік Қазақстан облысында 380 тонна және Шығыс Қазақстан облысында шамамен 300 тонна балық өсіріледі.

Үкімет басшысы биылғы 1 қарашаға дейін балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеуді және бекітуді тапсырды, онда басым субсидиялау, жер телімдерін бөлу, инфрақұрылым жүргізу бойынша нақты индикаторлар мен іс-шаралар және басқа да мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілуге тиіс.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу