Балықтың қырылуына қарсы тұруға қауқарсыз болып отыр

736

Балықтың қырылуына қарсы тұруға қауқарсыз болып отыр

Жамбыл облысында су толған өзендер арқылы ұсақ су қоймалары  мен каналдар, суармалы арықтар арқылы жазық далаға балықтар ағып кетіп жатыр, деп хабарлайды inform.kz.

Жамбыл облысында күн ысуына байланысты, таудағы мұздықтар еріп, су қоймалары толып жатыр. Өзендердің арнасы толып, кіші-гірім су қоймалары мен каналдар, суармалы арықтар арқылы балықтар ағып кетуде. Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясы бөлімінің бас маманы Марат Дүрімбетовтың айтуынша, бұл жағдай балықтар популяциясына кері әсерін тигізеді.

Облыстық инспекция өкілінің мәлімдеуінше, Талас ауданындағы Үшарал ауылы және Сарысу ауданындағы Тоғызкент пен Шағалалы ауылдарындағы  жағдай өте күрделі. Облыстық инспекция өкілдерінің Жамбыл облысындағы барлық ірі-ұсақ өзендерді аралап шығуға мүмкіндігі жоқ, сондықтан балықтың қырылуына қарсы тұруға қауқарсыз болып отырғаны жағдайды ушықтыра түсуде. Өйткені облыстағы өзендердің ұзындығы айтарлықтай ұзақ. Бір Шу өзенінің өзі мың километрге созылады, Таластың ұзындығы 400 километрден артық, Аса - шамамен 250 шақырым. Сол себепті облыс тұрғындарына балықтар қиын жағдайға тап болған су қоймалары туралы 51-96-91 нөмірі бойынша инспекцияға хабарлауын сұрайды.     

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу