Балықтың неден қырылғанын кореялық мамандар зерттейтін болды

974

Корей теңіз институтының сарапшылары Қазақстанның балықшаруашылығы саласындағы проблемаларды зерделемек. 

Балықтың неден қырылғанын кореялық мамандар зерттейтін болды

Орал өзенінде балықтардың жаппай қырылу себебін анықтауға оңтүстік кореялық ғалымдар көмектеседі. Бұл туралы Атырау қаласында өткен "SUB Caspian – 2019" халықаралық форумында айтылды, деп хабарлайды Atameken Business.

Тараптар екі жақты әріптестік аясында Атырау облысында ғылыми-зерттеу институтын құруды жоспарлап отыр. Корей теңіз институтының сарапшылары Қазақстанның балықшаруашылығы саласындағы проблемаларды зерделемек. Олар, күрделі зерттеу жасауда өздерінің материалдық-техникалық базаларының мүмкіндіктері жоғары екенін алға тартып, қазақстандық әріптестерін сендіріп отыр.

Еске сала кетсек, балықтардың қырылу себебі 4 айдан бері зерттеліп жатыр.  Өткен жылдың желтоқсан айынан бері 108 тонна балық өлексесі жинап алынды. Оның 103 тоннасы бекіре тұқымдастар.       

"Өкінішке қарай, дәл қазіргі уақытта біз сіздерде балықтардың қанша қырылғанын нақты анықтаған жоқпыз. Әйтсе де бұл форум арқылы Қазақстан мен біздің зерттеушілеріміздің әріптестігі артып, өзара тұрақты түрде тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Біз бірлесіп бұл проблеманың шешімін тауып жолын кесеміз деп үміттенемін", –  дейді , Оңтүстік Кореяның халықаралық алмасу қорының бас директоры Ким Сон Ин..

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу