Бангкокте қазақстандық қыз қамауға алынды

862

Алдағы уақытта оған қатысты депортация шарасы іске асырылмақ.

Бангкокте қазақстандық қыз қамауға алынды

Мерзімі өтіп кеткен визасына байланысты қазақстандық қыз миграциялық түрмеге қамалды. Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Белгілі болғандай, 1995 жылғы қыз Таиланд аумағында мерзімі өткен визамен алты айдан астам уақыт бойы емін-еркін турист ретінде жүре берген. Алдағы уақытта оған қатысты депортация шарасы іске асырылмақ. Оны Бангкоктегі әуежайда ұстаған.

"Консул онымен байланысқа шықты. Шешім шығарылғанға дейін ол миграциялық түрмеге жеткізілді. Аталмыш оқиға бойынша шешім алдағы аптада шығарылады. Алдын ала мәлімет бойынша ол депортацияланады. Әзірге, қылмыстық жауапкершілік туралы мәселе көтерілген жоқ", – деп нақтылады баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу