Таиландтағы жер сілкінісінен қаза болғандар толық табылмай жатыр

178

Дүмпу салдарынан Бангкоктегі Бас аудит басқармасы ғимараты құлап, қаза тапқан адамдар саны 86-ға жетті, тағы 8 адам әлі іздестірілуде, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Таиландтағы жер сілкінісінен қаза болғандар толық табылмай жатыр Фото: комитет66.рф

Наурыздың соңында Таиланд астанасында 7,7 балдық жер сілкінісі болған еді. Құрбандар саны әлі де нақтылануда.

Құтқарушылар Банкоктегі Бас аудит ғимаратының құрылысында жұмыс істеген құрылысшыларды іздеп жатыр. 30 қабатты ғимараттың қирандылары толық тазартылып бітпеген.

Осыған дейін іздеу-құтқару операциясы барысында 86 адамның денесі табылып, олардың кім екені анықталды. Қазір із-түзсіз кеткен 8 адамды іздеп жатыр.

8,2 магнитудалы жер сілкінісі 28 наурыз күні Мьянма аумағында болды. Республика бойынша зілзала салдарынан мерт болғандар саны 3,8 мың адамға жетті. Жер сілкінісінен Таиланд тұрғындары да зардап шекті.

Күшті жерасты дүмпулері Бангкок пен оның маңындағы, сондай-ақ Корольдіктің солтүстік, солтүстік-шығыс, орталық және оңтүстік аудандарында сезілді. Мында дүмпу шамамен 7,7 балды құраған.

Бас аудит басқармасының ғимараты Таиланд астанасындағы жер сілкісіне төтеп бере алмаған жалғыз ғимарат. Кейін ғимаратқа қатысты құрылысты жүргізген қытайлық компаниялар тергеліп жатқаны мәлім болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу