Бангладеште 50 жолаушысы бар паром суға батып кетті

610

5 адамның мәйіті табылды.

Бангладеште 50 жолаушысы бар паром суға батып кетті

Бангладеште бортында 50-ге тарта жолаушысы бар паром жүк кемесімен соқтығысқаннан кейін, суға батып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz Bangla Tribune сайтына сілтеме жасап. 

Оқиға Нараянганж қаласындағы Шиталакша өзенінде болған. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты құтқарушылар зардап шеккендерді іздеуге бірден кірісе алмаған. Бірақ он шақты адам өз бетінше жағаға шығып аман қалды. Bangladesh Journal мәліметі бойынша, құтқарушылар әзірге апат кезінде қайтыс болған бес әйелдің мәйітін тапқан.

Еске сала кетсек, наурызда Румынияның "Констанца" деп аталатын портының жанында "Волго-Балт 179" жүк таситын кемесі суға батып кеткен еді. Апат салдарынан екі адам қаза тапты. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу