Бангладеште әскери ұшақ мектеп пен колледж үстіне құлап кетті

148

Қаза тапқандар бар.

Бангладеште әскери ұшақ мектеп пен колледж үстіне құлап кетті Фото: AP Photo

Бангладеште оқу-жаттығу ұшағы Дакка қаласының солтүстігіндегі мектеп пен колледж аумағына құлап кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Euronews-ке сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, кем дегенде 19 адам қаза тапты, жарақат алғандар да бар. Prothom Alo газеті жарақат алғандардың басым бөлігі студенттер екенін жазды.

Апатқа ұшыраған F-7 BGI ұшағы Әскери-әуе күштеріне тиесілі екені белгілі болды.

Ұшақ Уттара ауданында орналасқан мектеп пен колледждің аумағына құлаған. Апат кезінде оқушылар емтихан тапсырып, сабақтарына қатысып жатқан.

50-ден астам адам ауруханаға жеткізілді.

Associated Press агенттігіне берген сұхбатында Рафика Таха есімді оқушы апат кезінде мектепте болмағанын айтқан. Оның айтуынша, Milestone мектеп-колледжінде шамамен 2000 оқушы білім алады. Бұл оқу орнында бастауыш сыныптан бастап 12-сыныпқа дейінгі сыныптар бар.

"Теледидардан болған оқиғаны естіп қатты шошыдым. Бұл – менің мектебім", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу