Бангладеште қызылшадан бір айда 100 бала көз жұмды

98

15 наурыздан бері елде 7500-ден астам қызылша дерегі тіркелген. 

Бангладеште қызылшадан бір айда 100 бала көз жұмды Фото: sb.by

Бангладеште қызылша ауруының күрт өршуіне байланысты шұғыл вакцинация науқаны басталды. Соңғы үш апта ішінде 100-ден астам адам, негізінен балалар, қайтыс болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Денсаулық сақтау жүйесі бойынша, Бангладеште балаларға қызылшаға қарсы жоспарлы вакцина 9 айлық жастан бастап салынады. Бұдан бөлек, әр төрт жыл сайын қосымша иммундау науқандары өткізіліп тұрады. Алайда соңғы жылдары мұндай науқан жүргізілмеген.

Денсаулық сақтау департаменті директорының орынбасары Шахриар Саджадтың айтуынша, науқастардың шамамен үштен бірі 9 айға толмаған сәбилер.

Ал ЮНИСЕФ ұйымының Бангладештегі өкілі Рана Флауэрс бұл жағдайға алаңдаушылық білдірді. Оның сөзінше, 2020 жылдан бері вакцинация науқандары жүргізілмеген. Бұған алдымен COVID-19 пандемиясы, кейін елдегі саяси жағдай әсер еткен.

2024 жылы елде жаппай наразылықтардан кейін премьер-министр Шейх Хасина биліктен кеткен. Кейін уақытша үкімет құрылып, тек биыл ақпанда жаңа үкімет сайланды. Вакцина тапшылығына жауапкершілік сол уақытша билікке жүктеліп отыр.

ЮНИСЕФ мәлімдеуінше, Бангладеште иммундау деңгейі дәстүрлі түрде жоғары болғанымен, аз ғана үзілістің өзі халықтың иммунитетінде үлкен олқылықтарға әкелуі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу