Бангладеште лай көшкінінен 12 адам қаза болды

865

Бангладеште лай көшкінінен 12 адам қаза болды

Бангладештің оңтүстік-шығысында муссондық жауын-шашыннан лай көшкіні орын алып, салдарынан 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды 24.kz.

Ресми деректер қайтыс болғандар арасында рохинджа этникалық тобының 2 босқыны бар екенін айтады.

Апат Рангамати және Кокс-Базар округы маңында болған. Жергілікті билік тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшіруге кірісетінін хабарлады. Олар Кокс-Базар маңында су арқылы таралатын ауру көп деп қауіптенеді. Ол маңда мыңдаған босқындар бамбуктен жасалған лашықтарда өмір сүреді.

Бангладеш үкіметінің метеорология департаменті жаңбыр әлі де жауады деп болжайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу