Бангладеште тұрғын үйде болған өрттен қаза тапқандар саны 81 адамға жетті

833

Ел билігі құрбандар саны өсуі мүмкін деп отыр.

Бангладеште тұрғын үйде болған өрттен қаза тапқандар саны 81 адамға жетті

Бангладеш астанасы Даккада көпқабатты тұрғын үй өртеніп, 81 адам қаза тапты, ал 50-ден астамы жарақат алған, деп хабарлайды Интерфакс – Қазақстан шетелдік БАҚ-қа сілтемемен.  

Билік тілсіз жау құрбандарының  саны бұдан да көп болуы мүмкін екенін айтады. 
            
Алдын ала болжам бойынша, пәтерлердің бірінде газ баллоны жарылған. Өрттің жылдам таралуына ғимараттың бір бөлігін алып жатқан тұрмыстық химиялық заттар қоймасы да себеп болған. Лаулаған жалын көрші үйлерді де шарпыған, бұл ғимараттарда да химиялық заттар қоймасы болған екен.

Қаза тапқандардың арасында жақын маңдағы кафе мен мейрамханаларға келгендер де бар.

Тілсіз жаумен күреске 200-ден астам өрт сөндіруші жұмылдырылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу