Бангладеште жер сілкінісі болды

343

Жер асты дүмпуі 389 мың халқы бар Комилла қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 44 шақырым жерде тіркелді.   

Бангладеште жер сілкінісі болды Фото: Depositphotos.com

Бангладеште 5,6 баллдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығына сілтеме жасап.

Бұған дейін сейсмологтар зілзаланың магнитудасы 5,8 болғанын хабарлаған.

Жер асты дүмпуі 389 мың халқы бар Комилла қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 44 шақырым жерде тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте екені анықталды.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жарияланбады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу