Бангладештегі наразылық салдарынан 280-нен астам адам қаза тапты

275

Елдің басым бөлігінде интернет бұғатталды. 

Бангладештегі наразылық салдарынан 280-нен астам адам қаза тапты Фото: Rajib Dhar

Жексенбі күні Бангладеш астанасы Даккадағы қақтығыстар кезінде жоқ дегенде 95 адам қаза тапты, жарақат алғандар саны жүзге жетті, деп жазады inbusiness.kz сайты Euronews-ке сілтеме жасап.

Бангладеште жаппай наразылық шерулері өткен айда басталды. Студенттер мемлекеттік лауазымдарға квота жүйесін алып тастауды талап етті, алайда оның соңы полиция мен үкіметті жақтайтын белсенділермен арадағы қақтығыстарға ұласты. Сол кезде кем дегенде 200 адам қаза тауып, 11 мың адам қамауға алынған.

Наразылыққа шыққандар Премьер-министр Шейх Хасинаның отставкасын талап етіп отыр.

Толқулар салдарынан елде мектептер мен университеттер жабылып, Дакка мен қала маңында коменданттық сағат енгізілді. Дүйсенбіден бастап сәрсенбіге дейін Бангладеште демалыс күндері болып белгіленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу