Бангладештен 280 мың долларға жаңа піскен және консервіленген ұлу импортталды

1336

ҚР ауыл шаруашылығы министрі Бангладештің азық-түлік министрімен келіссөздер өткізді. 

Бангладештен 280 мың долларға жаңа піскен және консервіленген ұлу импортталды

2019 жылдың 28 тамызында Джидда қаласында Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы (АҚИҰ) бас ассамблеясының екінші сессиясы барысында ҚР ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Бангладештің азық-түлік министрі Садһам Чандра Маджумдермен келіссөздер өткізді. Министрлер екі елдің АҚИҰ жұмысына қатысу мәселелерін талқылады, деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі.

Айта кету керек, бүгінде ИЫҰ-ның 57 елінен 33 мемлекет, оның ішінде Бангладешті қоса алғанда, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымына мүше.

Өз кезегінде Бангладештің азық-түлік министрі өз елінің АҚИҰ жұмысына қатысуының маңыздылығын атап өтті және ұйымның жұмысын күшейту жөніндегі Қазақстанның бастамаларына қолдау білдірді.

Еске салайық, ертең АҚИҰ бас ассамблеясынының екінші сессиясындағы министрлік конференциясында ҚР АШМ басшысы Сапархан Омаров азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі исламдық ұйымды дамыту мақсатында Қазақстанның ұсынған бастамаларын ресми түрде жариялайды: АҚИҰ мүше елдерінің өнеркәсіптік қайта өңдеу ассоциациясын құру арқылы астық қорын құру және инвестициялық фондты дамыту.

Айта кетсек, 2019 жылғы қаңтар-маусымда Қазақстан мен Бангладеш арасындағы тауар айналымы 1 260 000 долларды құрады. Қазақстан 983 мың долларға жуық өнім экспорттады, өз кезегінде Қазақстан Бангладештен шамамен 280 000 доллар мөлшерінде жаңа піскен және консервіленген ұлу әкелді.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тауар айналымы бес есеге өскен. Қазақстан алғаш рет өңделген көкөністерді, ұсақталған тұқымдар мен майлы дақылдарды Бангладешке экспорттады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу