Бангладештің ірі өндіріс орталықтарында 130 киім фабрикасы жабылды

377

Оған жұмысшылардың наразылығы себеп болды. 

Бангладештің ірі өндіріс орталықтарында 130 киім фабрикасы жабылды Фото: mavink.com

Бангладеш астанасы Дакка қаласының маңындағы Савар мен Ашулия екі ірі өнеркәсіптік орталықтарында барлығы 130 дайын киім фабрикалары жұмысшылардың жалақыны көтеруге наразылық білдіруіне байланысты жұмысын белгісіз мерзімге тоқтатты. Бұл туралы inbusiness сайты Қытайдың Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өнеркәсіптік полиция басқармасының басшысы Мохаммад Сарвар Алам сенбі күні журналистерге кейбір қызметкерлер әлі күнге дейін ең төменгі айлық жалақыны 23000 така (209 АҚШ долларын) талап етіп отырғанын ескертті.

Алайда, үкімет сейсенбі күні жалақыны 56 процентке көтереміз деп мәлімдегеніне қарамастан, жұмысшылар наразылығын тоқтатпады.

Ресми мәліметтер бойынша, наразылық автомобильдер мен фабрикаларға қатысты бұзақылыққа, сондай-ақ, Дакка мен оның айналасындағы полиция мен жұмысшылар арасындағы қақтығыстарға ұласты.

Тігін фабрикасында жұмыс істейтін әйел сәрсенбіде Дакка маңындағы Газипур ауданының Конабари аймағында құқық қорғау органдары мен жалақы демонстранттары арасындағы жанжалда қаза тапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу