Бангладештің үш азаматы елден шығарылды

285

Бұл туралы көліктегі полиция департаменті бастығы Бақытжан Малыбаев мәлімдеді. 

 Бангладештің үш азаматы елден шығарылды Фото: КазТАГ

Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері теміржол вокзалын тексеру кезінде Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Бангладештің 41, 31, 26 жастағы үш азаматын анықтап, ұстады, деп жазады inbusiness.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, жоғарыда аталған құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен шетелдік азаматтар ҚР аумағына кіруге 5 жыл мерзімге тыйым салу белгіленіп, Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығарып жіберу түрінде жауапқа тартылды.

Ол сондай-ақ жыл басынан бері көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 2 мыңнан аса азаматты, оның ішінде ҚР-да болу ережелерін бұзғаны үшін 1474 шетелдікті әкімшілік жауапкершілікке тартқанын, соттардың қаулысымен елден тыс жерлерге 376 шетелдік азамат шығарылғанын атап өтті.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шетелдік азаматтар елімізде болу мерзімі аяқталғанға дейін ҚР аумағынан шығуы керек, кетуден жалтарған жағдайда ҚР шегінен тыс жерлерге шығаруға дейін әкімшілік жаза қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу