Банк активтері сапа рейтингісінен өтуге міндеттеледі

791

Банк активтері сапа рейтингісінен өтуге міндеттеледі

Парламенттің біріккен отырысында банк секторының қызметіне қатаң тексеру жүргізілетіні айтылды. Ұлттық банк, әсіресе, екінші деңгейлі банктердің активтерін сапа рейтингісінен өткізбек. Бас қаржыгердің пікірінше, бұл банктердің нақты ішкі ахауалын саралап, қандай деңгейде тұрғанын білуге мүмкіндік бермек екен. Сондай-ақ, ұлттық банк енді қорында қосымша капиталы бар қаржы институттарына ғана қолдау көрсетуге шешім қабылдап отыр екен. Әйтпесе, бюджет ақшасының қайтарымы болмай келеді. Бұл тұста, банк акционеріне де артылатын міндет еселенуі тиіс. Ал активтер рейтингісінен өтпеген банктердің үлесі сатылып кетуі мүмкін. Қазір үкіметтің қаржы секторын сауықтыру бағдарламасы аяқталуға жақын. Айта кетсек, биыл банктерді қолдауға Үкіметтен 2 трлн теңге бөлінген болатын.

Данияр Ақышев, ҚР ұлттық банкінің төрағасы: (аударма)

"Банк активтеріне жүргізілетін тексеру – қаржы институттарының нақты ішкі ахуалын көрсетуі тиіс. Өйткені шын мәнінде көп банктердің жағдайы өте қиын. Бірақ бәрін жасырып, қосымша қаржы алуға талпынып отыр. Бұл жерде акционерлерге де міндет артылады. Бюджеттен банкке сауықтыруға берліген қаржы көлеміндегі қаржы акционерлердің де қалтасында болуы тиіс. Сөйтіп, кепілдік сақталады."

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу