Банк бөлімшесіне шабуыл жасағандар ұсталды

923

Алматыдағы Kaspi бөлімшесін 15 қазан күні үш адам тонамақ болған еді.

Банк бөлімшесіне шабуыл жасағандар ұсталды

Ұсталған күдіктілерден заттай дәйектер мен ұрланған қаражат тәркіленді. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады. 

"Құқық қорғау органдары Kaspi.kz қауіпсіздік қызметінің белсенді қатысуымен Алматыдағы бөлімшеге қарулы шабуыл жасаған үш күдіктіні  ұстады. Ұсталғандар кінәларын мойындады және тергеу аяқталған соң сот алдында жауап береді", –  деп жазылған хабарламада. 

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше,  күдіктілер – 1985, 1986 және 1992 жылы туылған үш ер адам.

"Күдіктілер, С. және У. есімді азаматтар Алматыда қалалық криминалдық полиция жедел уәкілдерімен ұсталды. Үшінші күдікті дәл қазір Орал қаласында Батыс Қазақстан облысының ПД қызметкерлерімен ұсталды. Заттай дәйектер –  ұрланған қаражат тәркіленіп, ҚР ҚК-нің  192-бабы, 3-бөлімі бойынша Алмалы аудандық Полиция басқармасының тергеу жүргізген қылмыстық іс материалдарына тіркелген. Қаскөйлер қолданған аңшы мылтығы солардың біріне тиесілі екендігі анықталды. Ұсталғандар  қамауға алынды", –  деп жазылған хабарламада. 

Еске сала кетсек, Алматыдағы банк бөлімшесіне шабуыл 15 қазан күні жасалған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу