"Банк ЦентрКредит" АҚ Алматыдағы атысқа қатысты мәлімдеме жасады

1065

"Банк ЦентрКредит" АҚ Алматының "Ақбұлақ" ықшамауданындағы қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

"Банк ЦентрКредит" АҚ Алматыдағы атысқа қатысты мәлімдеме жасады

"2011 жылғы шілдеде "Нано Плюс" ЖШС қарыз алушысына негізгі борыш пен пайыздар бойынша төлемді 6 айға кейінге қалдыра отырып, жалпы сомасы 102 000 000 теңгеге екі қарыз берілген.

Шарттар бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету ретінде кепіл шарттары жасалды, онда кепілмен қамтамасыз ету ретінде тұрғын емес үй-жай, жер учаскесі, сондай-ақ Алматы қаласы, Алатау ауданы, "Ақбұлақ" шағынауданы, Сыздықов көшесі, 29 үй мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үй қабылданды.

07.03.2012 ж. заем алушыға үш ай мерзімге қосымша шегерім берілген. 20.08.2012 ж. бастап заем алушы өз міндеттемелерін еш орындамастан кредитін төлеуді кешіктіре бастады.

Келісімшарттағы міндеттемелерін орындамауына байланысты 17.04.2013 ж. борышты сот тәртібімен өндіру туралы шешім қабылданып, сол сәттен бастап банк аталған несие бойынша пайыз есептеуді тоқтатты", - делінген хабарламада.

Банк Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотына қарыз алушы мен кепілгерлерден берешекті өндіріп алу туралы талап арыз берген.

"Қазақстан Республикасының "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" заңының 74-бабы 2-тармағына сәйкес: "Борышкер сот орындаушысы мүлікке тыйым салуды қолданғаннан және бағалау жүргізгеннен кейін және мүлік алып қойылғанға немесе өткізілгенге дейін сот орындаушысының жазбаша рұқсатымен және ол белгілеген мерзімде тыйым салынған мүлікті бағалау құнынан төмен болмайтын құн бойынша өткізуге құқылы". Борышкер де, кепілгер де бұл құқықтарын пайдаланбады", - деп атап өтті банктің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының "Атқарушылық іс жүргізу туралы" заңының 80-бабы 3-тармағына сәйкес: Электрондық аукцион борышкердің мүлкін өткізуге беру туралы қаулыда көрсетілген бағалау құнынан белгіленген қадаммен мүліктің құнын көтерумен басталады.

Егер электрондық аукционға қатысушылардың ешбірі сауда-саттықтың алдын ала белгіленген қадамын қолдай отырып мүлік құнын арттырмаған жағдайда, электрондық аукцион құнды төмендетуге ауысумен жалғасады.

Бұл ретте, өткізілетін мүліктің бастапқы бағасы қатысушылардың бірі жарияланған баға бойынша мүлікті сатып алуға келіскен кезге дейін белгіленген қадаммен төмендетіледі, бұл баға электрондық аукционға қойылған мүлік құнының бастапқы бағасының елу пайызынан төмен болмауға тиіс.

Банктің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2018 жылдың 22 қаңтарында Алматы қаласы Алатау аудандық сотының сырттай шешімімен кепілгердің кепіл ретінде салған тиесілі тұрғын үйі өндіруге жолданған.

2018 жылдың 16 тамызында тұрғын үй түрінде кепілге қойылған мүлікке электрон сот аукциондары өткізіліпті. Электрон аукцион нәтижелері туралы хаттама бойынша Н.С.Тұрғанов жеңімпаз деп танылған. 23.08.2018 жылы жеке сот орындаушысы мен Н.С.Тұрғанов арасында сату-сатып алу келісімшарты жасалған.

26.12.2018 жылы Алматы қаласы Алатау аудандық сотының ұйғарымымен Алматы қаласы Алатау аудандық сотының 22.01.2018 жылғы тұрғын үй түріндегі кепіл мүлкін өндіріп алуға жүгіну туралы сырттай шешімінің күші жойылды.

Алматы қалалық сотының апелляциялық сот алқасының 27.11.2019 жылғы қаулысымен, бастапқы сату құны 29 417 000 теңге мөлшерінде сату кезінде тұрғын үй түріндегі кепілдік мүліктен өндіріп алуды қолдану туралы банктің талап-арызын қанағаттандыру туралы шешім шығарылды.

ҚР Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 27.07.2020 жылғы қаулысымен Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 27.11.2019 жылғы қаулысын ҚР ҚК азаматтық істер жөніндегі сот алқасының сот отырысында қарау үшін қайта қарау туралы А.П.Демирчян, И.И.Дужнова шағымын қараудан бас тартылды. Осылайша, тұрғын үй Н.С.Тұрғановтың меншігінде қалды (бұрын алғашқы сот саудасында сатып алынған).

Үйден шығару жеке тұлғаның (сатып алушының) пайдасына сот актісі негізінде жүзеге асырылды, осылайша азаматтар арасындағы көшіру ісі құқықтық қатынастары қайғылы жағдайға ұласқан. Банк тұрғын үйді сатуды да, кейіннен шығаруды да жүргізген жоқ.

"Банктің кепілінде тұрған тұрғын емес үй-жайға қатысты 07.03.2017 жылғы әлеуетті сатып алушылар болмауына байланысты ол бойынша алғашқы электрон сот саудасы болған жоқ. 18.04.2017 жылғы қайталама электрон сот саудасы өткізілді. Сатып алушылардың болмауына байланысты және жүргізілген сот сауда-саттығының нәтижелері бойынша жоғарыда көрсетілген мүлік аукцион шеңберінде төмендетілетін сауда-саттықтан кейін 96 008 120 теңге сомасына банктің меншігіне өтті. 24.04.2017 жылы банк пен ЖСО (жеке сот орындаушысы) арасында тұрғын емес үй-жайларды сатып алу-сату шарты жасалды.Ұзақ уақыт бойы банк тұрғын емес үй-жайға меншік құқығын тіркей алмаған, өйткені бұрынғы меншік иесі жерге орналастыру жобасы бойынша жұмыстарды жүргізу және техникалық паспорт дайындау үшін жер комитеті мен банк қызметкерлеріне рұқсат бермеген.

Іс жүзінде банк меншік құқығын 2021 жылдың мамырында тіркепті. Тиісінше, 2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін банк тұрғын емес мүлікке меншік етпейді және 2021 жылғы шілдеде Алматы қаласы Бостандық аудандық сотына тұрғын емес үй-жайды жер учаскесімен пайдаланудағы кедергілерді жоюға мәжбүрлеу туралы талап-арыз берген", - деп атап өтті банктің баспасөз қызметі.

Банк осы оқиғаны тергеуге белсенді қатысатындарын мәлім етті.

"Іс бойынша барлық қажетті құжатты ұсынамыз және зардап шеккендердің туыстарына жан-жақты көмек көрсетеміз", - деп түйіндеді баспасөз қызметі.

Еске салайық, 20 қыркүйек күні Алматыда атыс болып, 5 адам қаза тапты.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу