Банк ЦентрКредит ресейлік банктің еншілес компаниясын сатып алуы мүмкін

1056

Банк ЦентрКредит ресейлік Альфа-банктің еншілес компаниясын сатып алуға үміткер, деп хабарлайды inbusiness.kz Telegram-дағы nb_kz арнасына сілтеме жасап.

Банк ЦентрКредит ресейлік банктің еншілес компаниясын сатып алуы мүмкін

"Қос тарап алдағы күндері келісім туралы мәлімдеме жасайды деп жоспарланып отыр. Өткен аптада Альфа-банктің әлеуетті сатып алушылармен келіссөздер жүргізіп жатқаны белгілі болды", – деп жазылған хабарламада.

Биыл 6 сәуірде қазақстандық Альфа-банкке қарсы санкциялар енгізілген. Аталған банктің акционерлеріне де санкция салынған: Михаил Фридман, Петр Авен, Герман Хан.

Банк ЦентрКредиттің бақылаушы акционері – Бақытбек Байсейітов. Ол Orient Invest Group АҚ, "АИФРИ Green Invest" АҚ, Petrogaz AG, Finproject, Future Capital Management, International Jet Tour компанияларына иелік етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу