Банк ғимаратында кепілде болған адамдардың үшеуі шок алды

1035

Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бүгін елордадағы банктердің бірінде кепілге алынып, кейін босатылған адамдардың денсаулық жағдайына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Банк ғимаратында кепілде болған адамдардың үшеуі шок алды Фото: inbusiness.kz

"18 маусымда ер адам елордалық банкте адамдарды кепілге алды. Олардың арасында жарақат алғандар жоқ. Жедел медициналық көмек қызметкерлері 3 адамды тексеру кезінде олардың қатты күйзеліске түскенін анықтады. Кепілге алынған адамдарды ауруханаға жатқызудың қажеттілігі жоқ", - делінген басқарманың баспасөз қызметі тартқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу