Банк картасынан ақша ұрлаудың 4,5 мың дерегі тіркелді

3623

Биыл мұндай 254 қылмыс анықталған.

Банк картасынан ақша ұрлаудың 4,5 мың дерегі тіркелді

2021 жылы банк картасынан ақша ұрлаудың 4,5 мың дерегі тіркелді. Бұл туралы Бұл туралы ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ол алаяқтық елде кең таралған қылмыстардың бірі екенін атап өтті.

"Өкінішке қарай, олардың саны жыл сайын артып жатыр. Тек 2021 жылы Қазақстанда 40 мыңнан аса алаяқтық дерегі тіркелді. Бұл құлмыстың жартысынан астамы ақпараттық жүйелер арқылы жасалды. Талдауға сәйкес, 2021 жылы банк картасынан ақша ұрлаудың 4,5 мыңнан аса дерегі тіркелді. Ұрлық жеке банк кабинетіне тікелей қосылу арқылы жасалған. Биыл мұндай 254 дерек анықталды", – деді басқарма басшысы ІІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу