Банк қызметкерлері әріптесінің қайтыс болғанын байқамай, жанында бірнеше күн жұмыс істеген

709

Олар әйел табиғи себептерден қайтыс болды деп болжады.

Банк қызметкерлері әріптесінің қайтыс болғанын байқамай, жанында бірнеше күн жұмыс істеген Фото: canva.com

Аризона банкінің қызметкері Дениз Прюдом жұмыс орнында қайтыс болғанынан төрт күн өткен соң табылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі Nbcnews басылымына сілтеме жасап.

Қызметкерлерді есепке алу жүйесі соңғы рет 16 тамызда ғимаратқа 60 жастағы әйелді кіргізгенін тіркеген. Содан кейін ол кеңседен мүлде шықпаған.

Төрт күннен кейін компания қызметкерлері жағымсыз иісті сезіп, кеңседегі су құбырында ақау пайда болды деп ойлаған. Алайда, күзетшілер тексеру кезінде Прюдомның кеңсесіне кіріп, әйелдің өлгенін анықтаған.

Компанияның мәліметінше, әйел жұмысшылар аз отыратын, тар кеңседе болған. Сондықтан оның көз жұмғанын басқа қызметкерлер байқамаған.

Оқиға орнына жеткен полицейлер зорлық-зомбылықпен өлтіру белгілерін таппаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу