Банк менеджері тұрғындардың атынан 21 миллион теңге несие рәсімдеген

380

Қаржыны қалтасына басқан.

Банк менеджері тұрғындардың атынан 21 миллион теңге несие рәсімдеген Фото: Polisia.kz

Қазығұрт аудандық полиция бөліміне бір топ аудан тұрғындары арызданды. Жәбірленушілердің айтуынша, аттарына бейтаныс біреу заңсыз несие рәсімдеген, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

 Аталған фактіні полицейлер  "алаяқтық" бойынша тіркеді. Қылмысты тез арада ашып, күдіктіні анықтау мақсатында полицейлерден арнайы топ құрылып, жедел іздеуге кіріскен. Нәтижесінде, тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсірді.

"Белгілі болғандай, 31 жастағы күдікті азамат банк қызметкері болып жұмыс істеп жүрген уақытында мәселемен алдына келген клиенттердің құжаттарын пайдаланып, 70 мың теңге мен 1 миллион теңге аралығында несие рәсімдеп отырған. Осылайша  47 адамды алдап, ақшаны өз пайдасына жұмсаған.  Келтірілген шығын көлемі 21 миллион теңге", - делінген Түркістан облыстық ПД таратқан мәліметте.

Қазіргі таңда күдікті ер адам қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу