Bank of America доллар дәуірінің аяқталатындығы туралы айтты

995

Bank of America доллар дәуірінің аяқталатындығы туралы айтты

Ерте ме, кеш пе әлем экономикасында доллардың үстемдік етуі аяқталады. Бұл пікірді Bank of America Merrill Lynch компаниясының Ресей бойынша бас маманы Владимир Осаковский білдірді, деп хабарлады Lenta.ru-ға сілтеп ҚазАқпарат.

"Егер тарихқа үңілсек, бұрын жаһандық валюта фунт стерлинг болған. Оны ығыстырып жіберді. Доллармен де бір күні мүмкін осындай жағдай болады", - деп атап өтті сарапшы. Оның бағалауынша, бұл АҚШ-тың әлемдік экономикадағы үлесі "табиғи түрде" қысқарған кезде болады", - деді Осаковский.

"Бұл апатты жағдайға алып келеді ме? Факті емес. Бірақ күндердің-күнінде бұл болады", - деді ол. Ол сондай-ақ Құрама штаттардың қарызы абсолютті мәнде өте үлкен екендігін атап өтті - 16-18 триллион доллар. Бұл ретте қарызы одан жоғары елдер де бар. "Мысалы Жапония. Оның қарызы АҚШ-пен салыстырғанда, екі есеге көп", - деп пікірін білдірді экономист Америкада қарыз дағдарысы болуы ықтималдығына қатысты пікір білдіре келе. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу