Bank of New York Mellon Қазақстан үкіметінің үстінен арыз түсірді

710

Bank of New York Mellon Қазақстан үкіметінің үстінен арыз түсірді

Bank of New York Mellon сот талқылауына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының 22 млрд доллар қаражатын бұғаттады, деп хабарлайды Reuters.
Түсімдер жинақталатын Ұлттық қордың активтері Молдова кәсіпкері Анатолий Стати мен оның компанияларының Қазақстан үкіметінің үстінен түсірілген арызына байланысты бұғатталған.

Қазақстан Ұлттық Банкі де BNY Mellon компаниясының үстінен қарсы шағым түсірді. Ақпарат көзі хабарлағандай, бұл оқиға бейсенбіде Лондонда қаралатын болады.

Айта кетсек, Қазақстан Республикасы соңғы төрт жыл бойы Молдова азаматы Анатолий Стати мен оның ұлына, сондай-ақ олардың компанияларына қатысты шетелдік сот талқылауларына тартылып келеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу