Елімізде тағы да екінші дәрежелі екі банк бірігетін болды. Осы мақсатта қазір "Bank RBK" мен "Qazaq Bankiнің" акционерлері келіссөздерн жүргізіп жатқандарын хабарлады. RBK банкінің баспасөз қызметінің мәліметінше жақында екі банкті біріктіру туралы меморандумға қол қою жоспарланып отыр. Сондай ақ құжаттық негізгі ережелері ұлттық банктің мақұлдауымен жасалғадығы айтылуда. Біріккен қаржы институты Bank RBK брендімен жұмыс істемек. Ал бас акционері Владимир Ким болады. Айта кетейік, Bank RBK Қазақстанның ірі банктерінің ондығына, ал Qazaq banki тізімнің алғашқы жиырмасына кіреді.
Игорь Мажинов, "Bank RBK" АҚ басқармасының төрағасы және директорлар кеңесінің мүшесі
"Банк капиталының шоғырлануы арқылы банк секторындағы ойыншылардың іріленуі бұл — мықты банк секторын құру мақсатына жетудің дұрыс жолы. Міне сондықтан "RBK банкі" мен "Қазақ банкіне" Ұлттық банк толық қолдау көрсетіп отыр"