Bank RBK реттеушілік капиталын 12%-ға көбейтті

1116

Bank RBK реттеушілік капиталын 12%-ға көбейтті

Қазақстанның коммерциялық Bank RBK реттеушілік капиталын 11 млрд теңгеге немесе 12%-ға арттырды, деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.

Аталған соманың 9,9 млрд теңгесі қарапайым акция түрінде, қалған 1,1 млрд теңгесі бағынышты борыш түрінде түскен.

Ақпаратқа сәйкес, капиталды толықтыру нәтижесінде банктің реттеушілік капиталының көлемі  шамамен 103 млрд теңгені, дербес капиталы – 92 млрд теңге, жарғылық капиталы 64 млрд теңгені құрады.

"Капиталды өсіру банктің К1-1 және К2 капиталының жеткіліктілігін 7,5% және 9,0%-дан шамамен 8,5% және 10,1%-ға арттырды", – делінген хабарламада.

Банктің активтері 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1 трлн 21 млрд теңгені құрады, судалық қоржын – 753,4  млрд теңге, клиенттердің қаржысы – 782,6 млрд теңге, оның ішінде жеке тұлғалардың салымдары  210,3 млрд теңге болды.

Ұлттық банктің мәліметі бойынша, Bank RBK 2016 жылдың қаңтар-қыркүйегінің қорытындысы бойынша еліміздің 34 банкі арасында активтер көлемі жағынан 9-орынды  иеленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу