Bank RBK бөлімшесінің клиенттері өз қаражатын ала алмай жүр

976

Bank RBK бөлімшесінің клиенттері  өз қаражатын ала алмай жүр

Шымкентте Bank RBK бөлімшесінің клиенттері бірнеше апта бойы өз қаражатын ала алмай жүр. Ондаған клиент бөлімше директорынан жағдайды түсіндіруді талап еткенімен, директор орнынан тұрып кетіп қалды. Банкте болған жағдайды салымшылар видеоға түсірді, деп хабарлайды Today.kz.

"Банк елу мың теңгені де бермейді, өз қызметкерлерімнің жалақыларын төлей алмай жатырмын", - деп шағымданды кәсіпкер Нұржігіт Асақаев. 

Банк клиенттерінің бірі бұл жерден депозит ашқан. 

"Мен депозитке ақша салдым, бірақ сол ақшамды қайтарып ала алмай жатырмын. Qazaq Banki-мен біріккендіктен осылай болған болар. Біз осы жерге Ұлттық банк бөлімшесінің директоры келіп, жағдайды түсіндіргенін қалап едік, бірақ ол келмеді", - деді атын айтқысы келмеген клиент. 

Жағдайды банк бөлімшесінің басшылығы түсіндіріп бере алмады. Олар мәселенің 16 қазанға дейін шешілетінін айтып, азаматтарды сабырға шақырды. 

Естеріңізге салсақ, Qazaq Banki АҚ мен Bank RBK-ның бірікпейтіні хабарланған еді. 

Bank RBK ҚР Ұлттық банкімен келіссөз жүргізу үстінде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу