Банк секторындағы активтер 25,10 трлн теңгеге дейін артты

1454

Банк секторындағы активтер 25,10 трлн теңгеге дейін артты

Ұлттық банк ақпаратына сәйкес, 2016 жылдың 3 тоқсанында Қазақстанның банк секторындағы активтер көлемі 25,10 трлн теңгеге дейін артқан. Бұл 2 тоқсанмен салыстырғанда 2,77%-ға артық. Ал kursiv.kz сайтының сауалнамасына жауап берген сарапшылар банк нарығындағы мұндай жағдай елдегі бизнесті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалар аясында болып отыр, деп хабарлайды 7kun.kz.

S&P Ratings агенттігінің сарапшысы Аннет Эсстің сөзінше, банк секторындағы активтерінің  өсуі банкаралық кредитер мен қолма-қол төлемдер, құнды қағаздар сынды активтер өтімділігінің артуымен байланысты. Қазіргі кезде "триллиондар" саны бойынша банк жүйесінде 9 банк алдыңғы орында.

Ең ірі банктер тізіміндегі алғашқы үш банк өз орнын сақтап қалды. Актив көлемін 5,05 трлн теңгеге арттырған Қазкоммерцбанк әдеттегідей ірі банктер тізімінде бірінші орында. BCC Invest-тің банктің қаржылық жағдайы туралы есебінде оның қаржы активтері мен ақша құралдарының өсімі 19,7-дан 20,1%-ға дейін артқаны туралы айтылады. Жарияланған есепке сәйкес, қаржы құралдары мен эквивалент 2016 жылдың басынан бері 78,2%-ды құрап, 192,55 млрд теңге болды.

Халық банктің нарықтағы үлесі 18,3-дан 17,1%-ға дейін төмендеген. Банк активтері 4,29 трлн теңге деңгейінде нақтыланды және осы жылдың 2 тоқсанымен салыстырғанда 3,98%-ға аз.

Үшінші орында Цеснабанк. Банк активерінің көлемі 4,9% артып, 2,09 трлн теңгеге жетті.

Қазкоммерцбанктен бөлек, Қазинвестбанктің де актив көлемі 160,82 млрд теңгеден 326,54 млрд теңгеге дейін артқан. Bank RBK-ның актив үлесі — 99,93 млрд теңгеден 1,02 трлн теңгеге дейін өсті.  Bank RBK-ның баспасөз қызметінің мәліметінше, өсім заңды тұлғалардың салымдарының көбеюімен байланысты.

Жыл басынан бері 9 ай ішінде банк жүйесіне қатысушылардың жалпы таза түсімі 318,35 млрд теңге болды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,14 есеге артық.

Ал түсімі ең көп банктер қатарын Халық банк бастап тұр. Банктің 9 айдағы түсімі — 90,70 млрд теңге. Өткен жылдың тоғыз айындағы көрсеткіш 80,52 млрд теңге болған. Қазкоммерцбанк табысы — 87,75 млрд теңге және биылғы жылы банк секторы толықтай шығыннан арылды деуге болады. Табыс көлемі бойынша Ситибанк Қазақстан үшінші орында (22,49 млрд теңге). 2015 жылы аталған банктің түсімі 27,78 млрд теңге көлемінде болған.

Банктердегі жеке тұлғалардың салымдары 3 айда 2,46%-ға өсті және 7,28 трлн теңге көлемінде нақтыланды. Халықтың депозиттік салымдары Цеснабанкте 35,13 млрд теңгеге артып, 600,19 млрд теңгеге жетті. Kaspi Bank салымы 25,16 млрд теңгеге артты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу