Банк секторының қаржылық орнықтылығын арттыру жөніндегі бағдарлама әзірленді

1152

Банк секторының қаржылық орнықтылығын арттыру жөніндегі бағдарлама әзірленді

Ұлттық Банк әзірлеген ҚР банк секторының қаржылық орнықтылығын арттыру жөніндегі бағдарламаны іске қосу ағымдағы жылғы үшінші тоқсанға жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Алматы қ. БАҚ-қа арналған брифинг барысында ҚРҰБ төрағасының орынбасары Олег Смоляков хабарлады.
"Бағдарламаны іске асыру жақын арадағы айларда басталады. Бағдарламаны іске асыру мерзімі – 15 жылға дейін, бұл мерзім ішінде банктер мемлекеттік қаражатты қайтаруға тиіс. Бұл ретте 2022 жылға дейін қатысушы банктер өз шығындарын өтеуге арналған капиталды толық көлемде қалыптастыруға тиіс", – деп хабарлады журналистерге Ұлттық банк басшысының орынбасары.
Тұтастай алғанда бағдарламаны іске асыру шеңберінде акционерлерге өздерінің шығындарын біртіндеп тану және ұзақ мерзімді перспективада тұрақты жұмыс істеуді қамтамасыз ету үшін өздерінің банктерін кезең-кезеңімен капиталдандыру мүмкіндігін беретін болады".

Қазақстан Республикасының президенті өзінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы жолдауында банк секторын қалыпқа келтіру бойынша шаралар кешенін қабылдауды жүктегендігін атап өткен жөн.

Үкімет пен Ұлттық банк қабылдаған банк секторын қолдау жөніндегі шаралар банк секторының жұмыс істемейтін активтерін қысқартуға, банктердің нақты секторды кредиттеуіне деген қызығушылығын жандандыруға әкеледі және жалпы алғанда ел экономикасының дамуына мультипликативті әсер етеді. Бұл жайлы бүгін Алматы қаласында БАҚ-қа арналған брифинг барысында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков мәлімдеді.

"Бағдарлама ірі банктердің капиталын қолдайды, банк секторының қаржылық тұрақтылығын және ықтимал жаңа қолайсыз сыртқы сын-қатерлер мен факторларға орнықтылығын күшейтеді", — деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу