Банкаралық бірыңғай QR-код жүйесі жыл соңында іске қосылады

266

Мұндағы идея 100 пайыз Ұлттық банкке тиесілі.

Банкаралық бірыңғай QR-код жүйесі жыл соңында іске қосылады Фото: itnews.pro

Ұлттық банктің басқарма төрағасы Тимур Сүлейменов БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз мәслихатында әр түрлі банктердің түрлі төлемдерін өзара қабылдайтын ортақ QR-код жылдың соңында пайда болатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Жүйені бірыңғай QR немесе түрлі банктердің QR коды деп те атауға болады. Бұл мәселенің техникалық жағы. Оңай болу үшін бірыңғай QR десек те болады. Мұндағы идея 100 пайыз Ұлттық банкке тиесілі Ұлттық төлем корпорациясының түрлі банктер қолданысқа шығарған QR-кодтарды өзара оқи алатын жүйе әзірлеуіне құрылған. Дүкенде QR-код арқылы төлем жасағыңыз келсе, Halyk немесе Kaspi бар ма деп сұрайды. Halyk-тың картасымен Kaspi терминалында төлем жасай алмайсың және керісінше. Бұл тұтынушыларға да, банктердің өзіне де қолайсыз деп ойлаймын. Өйткені транзакцияның бір бөлігі кетіп жатыр деген сөз", - деп түсіндірді Тимур Сүлейменов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу