Банкке шабуыл жасаған адаммен министрдің келіссөз жүргізуіне не себеп болды?

712

Астанада банкке шабуыл жасаған қарулы ер адам осыған дейін "Ұрлық" және "Алаяқтық" баптары бойынша істі болған. 

Банкке шабуыл жасаған адаммен министрдің келіссөз жүргізуіне не себеп болды? Фото: видеодан скриншот

Бұл туралы Үкімет кулуарында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты.

Тілшілер ведомство басшысынан Kaspi.kz бөлімшесіне шабуыл жасаған қарулы адаммен не себепті келіссөз жүргізуге барғанын сұрады. 

"Қазір мән-жайды айта алмаймын. Тергеу жүріп жатыр", - деп қысқа қайырлы ол.

Марат Ахметжановтың сөзінше, қарулы ер адамның банктің барлық активін мүгедек балалар мен жағдайы нашар отбасыларға аударудан басқа да талаптары болған.  Алайда министр бұған жіті тоқтала қоймады.

"Тергеу тобы құрылды. Арнайы процессуалдық прокурор қадағалау жасайды. Тергеу аяқталған кезде немесе прокурордың рұқсатымен келесі мәліметтерді аласыздар", - деді ведомство басшысы тілшілердің сауалына берген жауабында. 

Министр күдіктінің осыған дейін "Ұрлық" және "Алаяқтық" баптары бойынша сотталғанын атап өтті.  

Бұдан бөлек қауіпсіздік мақсатында оқиға күні банк бөлімшесі орналасқан жерде интернет уақытша бұғатталғанын жеткізді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу