Банкоматтан ақша алғандар тізімге алынады деген ақпарат жалған

86

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Дезинформацияға қарсы күрес орталығы осылай хабарлады.  

Банкоматтан ақша алғандар тізімге алынады деген ақпарат жалған Фото: canva

Орталық Қазақстанда банкоматтан қолма-қол ақша алатын азаматтардың дерекқоры жасалып жатыр деген ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Қолданыстағы заңнамада банкомат арқылы ақша шешетін азаматтарды арнайы базаға тіркеу туралы ешқандай норма жоқ", – деді орталық.

Орталықтың хабарлауынша, банкоматтардағы бейнекамералар тек қауіпсіздік үшін орнатылған. Олар алаяқтық пен ұрлықтың алдын алуға және даулы жағдайда дәлел ретінде қолданылады. Мұндай талап елімізде 2016 жылдан бері бар.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап банктер бейнежазбаларды кемінде 180 күн сақтауға міндетті. Алайда ақша алу сомасы мен жиілігіне қарай азаматтарды қосымша тіркеу қарастырылмаған.

Орталық қоғамда негізсіз үрей туғызбауға және ресми ақпаратқа ғана сүйенуге шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу