Банкоматтардағы кезек: Ұлттық банк не дейді?

1101

Елімізде орын алған жағдайға байланысты, әсіресе үздіксіз интернеттің жоқтығынан сауда орындарында қолма-қол төлем жасау қажеттілігі туындады. Банкоматтардан ақшасын шешіп ала алмай жүрген қазақстандықтар әлеуметтік желілер арқылы наразылықтарын білдіріп жатыр.

Банкоматтардағы кезек: Ұлттық банк не дейді?

Банкоматтарды қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың жалғасып жатқаны туралы Ұлттық банк қалыптасқан жағдайға қатысты хабарлама таратты, деп жазады inbusiness.kz.

"Қазақстан Ұлттық Банкі қаржы жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында жағдайы тұрақты жекелеген аймақтарда, атап айтқанда, 8 қаңтардан бастап Ақтөбе, Қызылорда, Шығыс-Қазақстан облыстары мен Шымкент, Ақтау және Түркістан қалаларында екінші деңгейлі банктермен банкоматтарды қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың жалғасып жатқанын хабарлайды", – делінген бас банк хабарламасында.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу