Банкоматтардан 14 трлн теңге алынды

803

Қаржы институттары cash-in қызметі бар банкоматтарға басымдылық береді.

Банкоматтардан 14 трлн теңге алынды

2019 жылдың соңында 29,8 млн карта ұстаушылар тіркелді, деп хабарлады Finprom.kz.

2018 жылғы көрсеткіштен 57%-ға жоғары.

Жалпы қолданыста 32 млн төлем картасы бар. 2018 жылдың желтоқсан айының соңындағы деректермен салыстырғанда аталған көрсеткіш 37%-ға өскен. Олардың ішінде 18,2 млн карта (+59,4%) белсенді қолданыста.

Ал 2019 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 11,3 мың банкомат тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,7%-ға жоғары. Әсіресе cash-in қызметі бар банкоматтар саны 49,2%-ға  артқан.

Ал қолма қол ақша қабылдайтын қызметі жоқ банкоматтар саны керісінше 15,2%-ға қысқарған. Сонымен қатар елімізде банкоматтан шешілген қаражат 13,8 трлн теңгеге жетті. Бұл жалпы ақша айналымының 86,5%-ы. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 11,3 трлн теңге болатын.

2019 жылы өңірлер бойынша ең көп қаржы Алматы (4,1 трлн теңге) мен Нұр-Сұлтан (1,8 трлн теңге) банкоматтарынан шешіп алынған. Аталған өңірлер банкоматтар саны бойынша да көш бастап тұр. Алматыда 2,2 мың, Нұр-Сұлтанда 1,3 мың қолма қол қаржы беретін құрылғы бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу