Банкоматты жарып тонамақ болды

953

Павлодар облысының Ақсу қаласында адам сенгісіз оқиға болды.  

Банкоматты жарып тонамақ болды

Белгісіз біреу гели шарларының көмегімен банкомантты жарып, тонамақ болды, деп хабарлайды Atameken Business.

Алайда, күлі көкке ұшқан банкоматтың ішінен соқыр тиын да таппаған. Өйткені, ол бос болған сондықтан оған "Уақытша жұмыс істемейді" деген қағаз да жапсырып қойған. Қазір күдікті іздестіріліп жатыр.

Қарақшының әрекеті сыртқы бейне бақылауға түсіп қалған. Ол ішіне газ толтырылған шар мен банкоматты түтінше арқылы жалғап, бензинмен тұтатып жарылыс жасаған. Ешкім зардап шеккен жоқ, жарылыстан кейін күдікті із суытып үлгерген. Қазір полиция қылмыстық іс қозғады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу