"Банкрот" атанбай-ақ несиені қалай жеңілдетуге болады?

258

1600 АЕК-тен астам кез келген түрдегі қарызы бар азаматтар банкроттыққа өтініш бере алады. 

"Банкрот" атанбай-ақ несиені қалай жеңілдетуге болады? Фото: shutterstock

Алайда, алимент және басқа адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген залал, қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша залал, сондай-ақ сот шешімі бойынша өндіріп алынатын бюджетке төленетін төлемдер есептен шығарылмайды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Ал сотта қарыздарды бөліп төлеу мүмкіндігін көздейтін төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі барысында қалпына келтіру жоспары қаржы басқарушысымен бірлесіп әзірленеді және сотта бекітіледі. 

"Бұл процедураның артықшылығы - одан кейін адам "банкрот" мәртебесін алмайды, сондықтан оған банкрот үшін көзделген салдар қолданылмайды", - деді ҚР ҚМ МКК төрағаның орынбасары Сеилжан Ахметов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу