Банкрот болған қазақстандықтың қарызы 1,5 млн теңгені құрады

455

1 738,7 мың теңге мөлшерінде қарыз сомасын көрсеткен.

Банкрот болған қазақстандықтың қарызы 1,5 млн теңгені құрады Фото: Inbusiness.kz

Ақпараттық кеңістікте "3000 теңге қарызы бар қазақстандық банкрот деп жарияланды" тақырыбындағы мәліметке қатысты ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде ресми түсіндірме жасады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өтініш берген кезде азамат "Дебиторлармен жұмыс жөніндегі Коллекторлық агенттігі" ЖШС-і бойынша 1 738,7 мың теңге мөлшерінде қарыз сомасын көрсеткен.

"Мемлекеттік кредиттік бюро" АҚ-ның деректеріне сәйкес қарыздың нақты сомасы 2 кредитордың алдында "СФК" union trust ЖШС, "Еуразиялық банк" АҚ - 1 473,3 мың теңгені құрайды. Осы мәлімет egov.kz электрондық үкімет порталында орналастырылған, - делінген хабарламада.

Барлық кредиторлар "Мемлекеттік кредит бюросы" АҚ-на өздерінің қарыз алушылары бойынша берешек сомалары мен мерзімдері туралы мәліметті ұсынуға міндетті ("Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" ҚРЗ 19-бабының 2-тармағының 2 тармашасы).

Азаматтар берешектері туралы мәліметтерді өздігімен кредиттік бюроның mkb.kz сайтында қарай алатыны айтылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу