Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде биылғы жылғы статистикаға сүйене отырып, банкрот болған жеке тұлғаның портретін жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Маңғыстау облысында 449 азамат қаржылық ұйымдар алдында банкрот деп танылды. Олар 5 жылдан астам уақыт бойы берешегін төлемей жүрген 63,3% ер және 36,7% әйел азаматтар.
Қазіргі таңда өңірде 341 соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға өтініш қабылданды.
Банкрот деп танылған тұлғалардың орташа жасы 35–дан 45 жасқа дейін. Олар жалпы көрсеткіштің 60% құрайды. Ең жасы – 19 жаста, қарты – 75 жаста.
Азаматтардың бұл санаты тұрақты жұмысы жоқ, демек өз берешегін өтеуге қаражаты жоқ екені белгілі.