Банкрот болу көрсеткіші төмендеді

978

Банкрот болу көрсеткіші төмендеді

2017 жылы АҚШ пен Канаданың мұнай компанияларының банкрот болу көрсеткіші азайды. Сарапшылар бұған басты себеп ретінде мұнай саласының үш жылдық дағдарыстан шығуын айтады, деп хабарлайды 7kun.kz.

14 шілдені қоса алғанда банкрот болуға 14 солтүстік америкалық компания өтініш берген. Олардың қарызы $5,1 млрд 2016 жылдың ұқсас кезеңінде 55 мұнай компаниясы банкрот болған еді.
Сарапшылар мұнай сервисімен айналысатын және мұнай мен газды сақтау, тасымалдаушы компaниялар арасында да банкрот болушылардың азайғанын айтады.
"Мұнай-газ саласы бағаның жаңа нормасы барреліне $45-$55 — "бой үйретті", дейді АҚШ-тағы Haynes & Boone заңгерлік компаниясының серіктесі Иэн Пек.
2014 жылдың соңынан бері мұнай бағасының күрт төмендеуінен АҚШ пен Канадада $80 млрд қарызы бар 128 өндіруші банкрот болған еді. Мұнай сервисімен айналысатын компаниялардың 144-і банкрот болған. Олардың қарызы $35 млрд.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу