Банкрот деп танылған ең жас қазақстандық 19-да

Бүгінгі күнге 5 мыңдай азамат қаржылық ұйымдар алдында банкрот деп танылды. 

Банкрот деп танылған ең жас қазақстандық 19-да

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде осы жылдың статистикасы негізінде банкрот атанған жеке тұлғалардың портретін жасады.

Бүгінгі күнге 5 мыңдай азамат қаржылық ұйымдар алдында банкрот деп танылды. Олар 5 жылдан астам уақыт бойы берешегін төлемей жүргендердің 58%-ы ер және 42%-ы әйелдер.

Қазіргі таңда 6,2 мыңға жуық соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға өтініш қабылданды, оның 58%-ы ерлер және 42%-ы әйелдер.

Банкрот деп танылған тұлғалардың орташа жасы 36-дан 45 жасқа дейін. Олар жалпы банкроттардың 35% құрайды. Ең жасы - 19 жаста, қарты – 76 жаста.

"Азаматтардың бұл санаты тұрақты жұмысы жоқ, демек өз берешегін өтеуге қаражаты жоқ екені белгілі.

Сондай-ақ, ҚНРДА-мен бірге халықтың қарыздық ауыртпалығына жол бермеу бойынша заңнамалық жұмыс жүргізілуде. Атап айтқанда, қарыздарды алу талаптарын қатаңдату жоспарланып отыр, оның ішінде мерзімі 90 күннен асып кеткен қарызы барларға тыйым бар", – деп хабарлады ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу