Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы "Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық Кодексі) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы "Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 наурыздағы №213-VII Заңына байланысты жеке тұлғаның соттан тыс банкроттық, сот банкроттығы немесе төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімдерін қолдануы мақсатында толықтырулар енгізілді.
Салық органдары қаржылық басқарушыға өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы заңнамасында көзделген рәсімдерді жүргізетін борышкерге қатысты мәліметтер беретін болады. Толықтырулар 2023 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.
Салық кодексіне сәйкес сот төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот банкроттығын қолдану рәсімін қолдану туралы іс қозғау туралы ұйғарым шығарылған немесе осындай ұйғарым шығарылған күннен бастап салықтар бойынша өсімпұл есептеуді тоқтатылады.
Сондай-ақ сот жеке тұлғаға қатысты сот банкроттығы немесе төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану туралы шешім шығарған күннен бастап жеке тұлғаның салық берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығының күшін жою көзделген.
Жеке тұлғаның есептен шығарылған міндеттемелері банкроттық рәсімін қолданғаннан немесе төлем қабілеттілігін қалпына келтіргеннен кейін табыс болып есептелмейді. Тиісінше, табыс салығы салынбайды.
Азаматтар төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін немесе сот банкроттығы рәсімін қолдану туралы өтініш берген кезде мемлекеттік бажды төлеу - 0,3 АЕК (2023 жылы-1 035 теңге) құрайды.
Толықтырулар 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.
Соттың банкроттық рәсімін аяқтау туралы ұйғарымы заңды күшіне енген не мемлекеттік органның соттан тыс банкроттық рәсімін аяқтау және борышкерді банкрот деп тану туралы шешімі шығарылған салық кезеңінде дебитор-жеке тұлғаны банкрот деп тануға байланысты жеке тұлғаға тауарларды сату, жұмыстарды орындау қызметтер көрсету кезінде қанағаттандырылмаған талаптар күмәнді талаптар болып есептеліп, корпоративті табыс салығын есептеу кезінде шегерім қолданылады.
Сондай-ақ, қосылған құн салығын төлеуші салық кезеңінде салық салынатын айналымнан осындай тұлғаларға өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша күмәнді талаптың бір бөлігін немесе бүкіл мөлшерін азайтуға құқылы.
Толықтырулар 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.