Банкротқа ұшыраған FTX крипто биржасының негізін қалаушы Багам аралдарында ұсталды

432

Сэм Бэнкман-Фрид құпия айыптау қорытындысы негізінде ұсталды.   

Банкротқа ұшыраған FTX крипто биржасының негізін қалаушы Багам аралдарында ұсталды Фото: vox.com

Банкроттыққа ұшыраған FTX криптовалюта биржасының негізін қалаушы және бұрынғы бас директоры Сэм Бэнкман-Фрид АҚШ үкіметінің өтініші бойынша Багам аралдарында ұсталды. Бұл туралы Нью-Йорк штатының оңтүстік округінің прокуроры Дэмьен Уильямстың дүйсенбіде прокуратураның Twitter-де жариялаған мәлімдемесінде айтылған, деп жазады inbusiness.kz.

Мәлімдемеде айтылғандай, Бэнкман-Фрид Багам аралдарында "дүйсенбі күні кешке АҚШ билігінің өтініші бойынша Нью-Йорктің Оңтүстік округінің прокуратурасы ұсынған құпия айыптау қорытындысы негізінде" ұсталды.

"Біз айыптау қорытындысы таңертең [сейсенбіде] құпиясыздандырылады деп үміттенеміз және сол кезде қосымша ақпарат беретін боламыз", - деп түсіндірді Уильямс.

Өз кезегінде The New York Times газеті дереккөздерге сілтеме жасай отырып, Бэнкман-Фридке электронды, бағалы қағаздармен алаяқтық, ақшаны жымқыру мен қылмыстық қастандық жасады деген айып тағылғанын хабарлады. Бірақ басылым айыпталушы кінәлі деп танылған жағдайда оны қандай жаза күтетінін жазбаған.

4 қарашада FTX Twitter-де банкротқа ұшырағанын жариялады. Сонымен қатар Бэнкман-Фридтің қызметінен кеткені де хабарланған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу