Қарызға өмір сүретіндердің басым бөлігі Алматы облысында тұрады

Ең үлкен соманы Атырау қаласының тұрғыны көрсетсе, ең аз соманы Қызылорда облысының тұрғыны көрсетті. 

Қарызға өмір сүретіндердің басым бөлігі Алматы облысында тұрады Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты. 

"Банкроттардың ең көп саны Алматы облысына (801), Жамбыл облысына (677) және Алматы қаласына (606) тиесілі. Ең аз банкрот СҚО-да (114) және Ұлытау облысында (41) тіркелді. Банкрот деп танылған 6 411 азаматтың 674 млн теңге сомасындағы берешегі бар 645 азамат АӘК алушылары болып табылады", – деді спикер. 

Сондай-ақ 3 538 азамат (бұл барлық 6411 банкроттарының 50% - дан астамы) 5 жылдан астам төленбеген кредиттер бойынша банкрот деп танылды, олар бойынша 6,3 млрд астам теңге есептен шығарылды.

"Ең үлкен соманы Атырау қаласының тұрғыны көрсетті, арыз бойынша - 8 130 033 900 теңге, кредиттік бюро бойынша - 1 380 870,94 теңге. Ең аз соманы Қызылорда облысының тұрғыны көрсетті, арыз бойынша 1 383 теңге, кредиттік бюро бойынша - 1 184 733,05 теңге", – деді вице-министр. 

Азаматтар соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға арыз берген кезде берешектің дұрыс емес сомаларын көрсетті, бұл ретте, кредиттік бюро мәліметтеріне сәйкес, бұл азаматтарда қаржы ұйымдары алдындағы борыш сомасы басқа.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу