Банкроттық: Азаматтар қаржылық сауаттылықты арттыру курстарынан өтеді

588

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Банкроттық: Азаматтар қаржылық сауаттылықты арттыру курстарынан өтеді Фото: PrimeMinister.kz

"Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы" заң биыл наурыз айынан бастап қолданысқа енеді.

Бұл құжат кредитін төлей алмай, қиындыққа тап болған жеке тұлғалардың құқықтарын қорғауға бағытталған.

Заңда рәсімдердің үш түрі қарастырылған:

  • соттан тыс банкроттық
  • сот арқылы банкроттық
  • қабілеттілігін қалпына келтіру

"Мұндай рәсімдерге қарыз алушының өзі ғана бастамашы бола алады. Азаматтардың міндетті түрде қаржылық сауаттылықты арттыру курстарынан өтуі көзделіп отыр", – деді Премьер-Министр.

Осы шаралардың барлығы банкроттық рәсімінен кейін азаматтың төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге және борыштық жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

"Заң күшіне енгеннен кейін азаматтардың да жауапкершілігі артатын болады. Алдағы уақытта жылдам қарыз алу үшін кредиттік тарихының дұрыс болуына азаматтардың өздері мүдделі болуы тиіс. Банкрот деп мойындау қарыздарды төлемей кету емес, тек шарасыз жағдайдағы көмек екенін әркім білуі керек", — деп қорытындылады Премьер-Министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу