Банкроттық туралы заң: Борышкерлердің қарызы қалай кешіріледі?

2895

Бүгінде аталған заң жобасы талқыланып жатыр.

Банкроттық туралы заң: Борышкерлердің қарызы қалай кешіріледі?

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" заң жобасының соттан тыс банкроттық талаптарына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Біріншіден, аталған заң жобасының 1-бабына сәйкес борышкер ақшалай міндеттемелерін және өзге де ақшалай сипаттағы талаптарды орындауға қабілетсіз болатын азаматтардың берешегі соттан тыс банкроттық болып танылады. Яғни заң жобасы жеке тұлғалардың банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша міндеттемелерімен шектелмейді.

Екіншіден, берешегі бар борышкерлер соттан тыс банкроттық процесінен өте алады:

- 12 айдан аса төлем мерзімі өткен 306 мың теңгеге дейін (100 АЕК);
- 6 айдан аса төлем мерзімі өткен 306 мың теңгеден 4 млн 901 мың теңгеге дейін (100 АЕК-тен 1 600 АЕК-ке дейін)

"Осылайша, қарыз немесе микрокредит бойынша 6-12 айдан аса төлем мерзімі өтіп кеткен, 0 теңгеден 4 млн 901 мың теңгеге дейін қарызы бар борышкерлер сотқа жүгінбей соттан тыс банкроттық рәсімін пайдалана алады", – деп жазылған Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі таратқан хабарламада.

Борышкерлер соттан тыс банкроттық рәсіміне сәйкес келу үшін 2 шарт көзделген:

- Олар бойынша борышкерлерде кіріс пен мүліктің болмауына байланысты атқарушылық құжатты қайтару жүргізілген;
- Қарыз немесе микрокредит бойынша мерзімі өткен берешек 5 жылдан аса уақыт орындалмаған.

"Осылайша, қайтарылған атқарушылық құжаттың бар-жоғына қарамастан, егер қарыз немесе микрокредит бойынша төлем мерзімі 5 жылдан асса, азаматтар соттан тыс банкроттық рәсімін пайдалана алады. Бұл норма талап қою және мерзімі өткен қарызы бар борышкерлердің борыш жүктемесін төмендетуді көздейді", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу